Басты бетЖаңалықтарДенсаулық сақтау...

Денсаулық сақтау саласы – Елбасы назарында

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың мәлімдеуінше, денсаулық сақтау саласын цифрландыру Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын іске асыру аясында «Денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту» жобасы бойынша жеке бастама ретінде іске асырылуда, сонымен қатар «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасымен толық сәйкестендірілген.   Денсаулық сақтау жүйесін цифрландырудың 2017–2018 жылдарға арналған жол картасы әзірленді. Жыл соңына дейін Бірыңғай интеграциялық платформаны пилоттық енгізу көзделген, оның аясында Қазақстан Республикасының әрбір азаматының жеке ұяшығы — денсаулығының электронды паспорты болады. Сондай-ақ, жекелеген қызметтердің жұмысы автоматтандырылады: Медициналық сақтандыру қоры, қоғамдық денсаулық сақтау мен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласы. «Денсаулық сақтау министрлігі мен IBM компаниясының арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, оның шеңберінде «Watson for oncology» — денсаулық сақтау саласына жасанды интеллектіні пилоттық енгізу жоспарланған. Қазіргі таңда жоғарыда аталған меморандум аясында пилоттық жобаны өткізу бойынша жол картасы әзірленуде», — деді министр. Сонымен қатар бүгінде UNICEF-пен бірлесіп «Патронаж мейірбикесі және ерте жастағы балаларды күту» мобильді қосымшасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Мобильді апплетті іске қосу 2017 жылдың желтоқсан айына жоспарланған. 2018 жылы қағазсыз денсаулық сақтау жүйесі пилоттық режимде төрт өңірде: Қарағанды, Қостанай, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ, республикалық деңгейдегі бірқатар ұйымда іске қосылады. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап медицина ұйымдары медициналық құжаттаманы қағазсыз форматта жүргізуге толықтай көшеді, соның ішінде: электрондық амбулаториялық карталар, аурулардың электрондық тарихы және электрондық рецептілердің көшірмесі. Министрдің айтуынша, денсаулық сақтау саласын цифрландыру арқылы медицина қызметкерлерінің еңбек өнімділігін ұлғайтып, халықтың медициналық қызметтерге қанағаттану деңгейін арттыру көзделген.

Денсаулық сақтау министрлігі Алқасының 2016 жылғы қызметтің қорытындылары мен 2017 жылы алда тұрған міндеттер туралы кеңейтілген отырысы барысында  ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов  ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауына сәйкес Қазақстандағы денсаулық сақтауды жаңғыртуға бағытталған бес басты бастаманы жариялады. Бірінші бастама – бұл денсаулық сақтау жүйесін пациент мұқтаждықтары айналасында кіріктіру, бұл бүкіл цикл бойында, оның ішінде бастапқы/профилактикалық буын деңгейінде медициналық көмек көрсетудің кіріктірілген жүйесін енгізу болып түсініледі.  Медицинаны, салауатты және ұзақ өмір сүруді дамытудың Ұлттық Бағдарламасын қабылдау жоспарлануда. Саланы цифрландыру мен ақпараттандыру, емханаларға бекіту ережелерін оңайлату, ІТ-мониторинг негізінде ауруларды басқару Бағдарламасын жүргізу  бойынша іс-шаралар жалғастырылатын болады. Екінші бастама – стандарттарды Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ұсынымдарымен сәйкестікке келтіру. Оның шеңберінде жекеменшік медицинаның дамуы үшін тосқауылдарды төмендету, мемлекеттік функцияларды қайта реттеу мен тәуелсіз кәсіптік ортаға беру, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға бағаларды реттеу сияқты көрсеткіштерге қол жеткізу жоспарлануда. Үшінші бастама – бұл мемлекеттік ресурстарды ұтымды пайдалану. Бұл бағыттың шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы инфрақұрылымдық және кадрлық саясатты қайта құрылымдауға бағытталған іс-шаралар жоспарлануда. Жеке және шетелдік инвестицияларды тарту, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту, сондай-ақ ғылымды дамыту мен медициналық білім беруді жаңғырту маңызды рөл атқарады.  Төртінші бастама – нәтижеге бағытталған, жүйенің қаржылық орнықтылығы мен қаржыландырудың икемді жүйесі. Өзекті нормативтік-құқықтық және салалық құрылым  жағдайларын ескере отырып, қаржыландыру моделін әзірлеу жоспарлануда. Сондай-ақ стационарлық көмекті тұтыну деңгейін төмендету; алдыңғы қатарлы медициналық технологиялар трансфертін ынталандыру; БМСК бюджетін қажеттіліктер негізінде бөлу; тарифтерді қайта қарау мен: басты құралдарды жаңалауға, күрделі шығындар, медициналық және ІТ-технологияларға, қаржылық қызметтер көрсету құнына кететін  шығындарды нақты бейнелеу жоспарлануда. Бесінші бастама – транспаренттілік пен пациентке есеп берушілік болып түсінілетін жүйені басқару. Осыған байланысты медициналық ұйымдарды корпоративтік басқаруды енгізумен шаруашылық жүргізу құқығына көшірумен қамту, сапа мен пациент мұқтаждықтары айналасында қызметтер көрсету тиімділігін арттыруды көздейтін, медициналық қызметтер көрсетуді берушілерге арналған КРІ жасақтау жоспарлануда.