Қазақстан агроөнеркәсібі – өсімнің драйвері

Жолдау жарияланғаннан бері, Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан қыруар жұмыстар атқарылды. Ауыл шаруашылығы Бірінші Вице-министрі Қ.Айтуғанов АӨК-ті дамытуға арналған Мемлекеттік бағдарламаның 9 айлық қорытындысын баяндады.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 1,9%-ға артты. Тамақ өнімдері өндірісі аталған кезеңде 5,3%-ға артып, мал шаруашылығы өнімдері былтырғы жылмен салыстырғанда 3,3% артты.

Ағымдағы жылы жүргізілген егістіктерді пәрменді әртараптандыру майлы дақылдар мен бұршақ тұқымдас дақылдардың өндіріс көлемін өткен жылмен салыстырғанда 376 мың тонна немесе 18%-ға арттырып отыр.

Бүгінгі күнге дәнді және дәнді бұршақты дақылдардың 15,3 млн. га немесе 99,9%-ы жиналды. Жинау қарқыны былтырғы жылдан 1,1 млн. га-ға жоғары. Бастапқы салмағы 21,9 млн. тонна астық ұсақталды, орташа өнімділік гектарына 14,3 центнер. Дәнді масақты дақылдарды жинау аяқталды.

Астық сапасын арттыру мақсатында ағымдағы жылы тұқым шаруашылығын қолдау және минералдық тыңайтқыштарды қолдану бойынша қажетті шаралар жасалынды. Бірегей және элиталық тұқымдарды субсидиялауды қайта қалпына келтіріліп және оларды субсидиялау кезінде ең төмен нормалар жойылды. Тұқым шаруашылығын қаржыландыру басым бағыттарды қайта қарау негізіндегі сол бюджет шеңберінде екі есеге артты.

Элиталық тұқымдарды 40%-ға, ал сапасы төмендерді пайдалану 1,7 есеге төмендеді. Алғашқы рет тыңайтқыштарды енгізу қажеттіліктің 14%-ын құрады. Нәтижесінде 3-сыныпты астық үлесі 65% құрады, ал өткен жылы бұл көрсеткіш 44%, клейковинасы 25 және одан жоғары көрсеткіш – 34% болса, ал өткен жылы бұл мән 8%-ды құрады.

Майлы дақылдардың 2 млн. га немесе 80% алқабы жиналды. 9,8 ц/га түсімділігі кезінде 1946,0 мың. тонна астық ұсақталды, бұл өткен жылдан 1,5 есе жоғары. Майлы дақылдарды жинау қарқыны өткен жылдан 636 мың га-ға жоғары.

Сонымен қатар 3,5 млн. тонна картоп жиналды, бұл өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 150 мың тоннаға жоғары және 3,5 млн. тонна көкөністер (53,5 мың тоннаға жоғары), 2,2 млн. тонна бақша дақылдары (73,1 мың тоннаға жоғары) жиналды. Қант қызылшасын жинау әлі де жалғасуда.

Мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаттарының бірі – ұсақ және орта шаруаларды ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріктіру болатын. 2017 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша жылдың басынан бастап 745 кооператив құрылды, оның ішінде 273 кооператив сүт қабылдау бекетімен, мал сою бекетімен 358 кооператив. 102 587 ірі қара мал басына 6 159 отбасылық бордақылау алаңы құрылды.

Қабылданған шаралар 56 мың жеке қосалқы шаруашылығы мен шағын қожалықтарды тартуға мүмкіндік берді.

Кооперативтермен 44 мың тоннадан астам сүт және 13 мың тонна ет дайындалды.

Министрлікпен жүргізілген кеңінен талдаудың нәтижесінде Қайта өңдейтін кәсіпорындардың деректер базасы құрылды.

Қайта өңдеудің 9 басым түрлерін дамыту бойынша есеп жүргізіліп, Аграрлық қайта өңдеу картасы әзірленді, соның ішінде әр облыс, әр аудан бойынша. Карта Үкіметтің кеңесінде мақұлданды.

Мемлекеттік бағдарламада ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін заманауи техникамен қамтамасыз ету және республикада ауыл шаруашылығы техникасы өндіоісін дамыту қарастырылған.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді техникамен қамтамасыз ету мәселесі бойынша келесі шаралар жүргізілді. «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Гомсельмаш» АҚ, «АгромашХолдинг» АҚ арасында отандық ауыл шаруалылығы машиналарын жасауды дамыту мәселесі бойынша ынтымақтастық жөнінде, сондай-ақ «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Ростсельмаш комбайн зауыты» ЖШҚ және «Вектор» комбайн зауыты» ЖШС арасында үш жақты келісімдерге қол қойылды.

Инвестициялық субсидиялау бойынша проценттік нормативтен белгіленген нормативке өту жүзеге асырылды. Бұрын шетелде шығарылғын бір астық жинайтын комбайнға 30 млн. теңгеден артық төленсе, қазіргі кезде сол қаржыға 3 комбайнды субсидиялауға болады.

Ақмола және Қостанай облыстары кәсіпорындарының базасында шағын тіркемелі және аспалы техникасының өндірісі ұйымдастырылды («кіші механизация» деп аталатын). Осы мақсатқа «ҚазАгро» АҚ ставкасы 5,5%-ға дейін 5 млрд. теңге несие бөлінді. Қазақстанда 2021 жылға дейін осы техникалардың өндірісін ұйымдастыруға және импорт үлесін осы техника түрлері бойынша 25% қысқартуға міндет қойылды.

Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру, сонымен қатар Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында Министрлікпен Ауыл шаруашылығының басым бағыттарын дамыту мен АӨК-ні мемлекеттік қолдауды жетілдіру Картасы әзірленді.

Карталар бар кемшіліктердің егжей-тегжейлі талдауы негізінде әзірленді және келесі бағыттар бойынша нақты шараларды құрайды.

Қазіргі уақытта Карталар салалық ассоциациялар және одақтардың, қоғамдық кеңестердің агробизнес және ғылыми мекемелер мүшелерімен, Министрлік, «Атамекен» ҰКП алаңдарында, сонымен қатар аудандарда жан-жақты қаралуда.

Карталарды іске-асыру агроөнеркәсіптік кешенді сапалы жаңа деңгейге көтеруге, оның бәсекеге қабілеттігін жоғарылатуға, ішкі нарықтағы азық-түліктің тұрақтылғын нығайту және саланың экспорттық бағдарын күшейтуге мүмкіндік береді.