Басты бетЖаңалықтарТалдықорғанда журналистерге...

Талдықорғанда журналистерге «Самғау» сыйлығы берілді

Жыл сайын журналистер арасында облыс әкімінің жүлдесіне өтетін байқау биылғы жылы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында жарық көрген жарияланымдарға арналып, «Самғау» сыйлығы ретінде жалғасын тапты. Жүлделер «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бағыттарының жүзеге асырылуын насихаттау бойынша 7 аталым негізінде берілді.

Мәселен, «Рухани жаңғыру» тақырыбындағы шеберлігі үшін Алашорданың 100 жылдығына арналған өзінің «Бір ғасыр бұрынғы бостандық» атты мақаласымен облыстық «Жетісу» газетінің журналисі Қуаныш Тұңғатар 1-ші орынды иеленді.

«Рухани жаңғыру» тақырыбын ашу» номинациясында облыстық «Жетісу» телеарнасының продюсері Зухра Жақыпбаеваның «Жетісу жұмбақтары» телехабары үздік шықты.

«Қазақ тілін латын графикасына көшіру туралы үздік пост» номинациясында блогер Ажар Ботабаева үздік деп танылды. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» туралы фоторепортаждары үшін «Талдықорған» газетінің фототілшісі Айдын Нұршанов марапатталды.

Марапаттау «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау мен жүзеге асыруға қатысты 7 аталым бойынша өткізілді. Конкурс нәтижесінде 21 жүлдегер дипломдар мен арнайы сыйлыққа ие болды.

Айта кетейік, биылғы шығармашылық байқауға бұқаралық ақпарат құралдарының 93 өкілі қатысып, 34 мақала, 43 сюжет, 10 пост пен 6 фотосурет материалдары ұсынылған.

Дереккөзzhetysu.gov.kz