Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабы жарыққа шықты

Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітабының салтанатты тұсаукесері өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев

Жаңа туындыда егемен мемлекеттің негізі қаланған күннен бастап оның қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктері мен 26 жылдық тәуелсіздік дәуіріндегі ішкі және сыртқы сын-қатерлерді еңсеруге байланысты қабылданған шешімдердің мән-мазмұны мен тетіктері егжей-тегжейлі баяндалады. Сондай-ақ, кітапта «қазақстандық даму үлгісінің» табиғаты мен оның эволюциясы, басты ұстанымдарымен қозғаушы күштері сараланған. Қазақстанды жаңғыртудың үш толқыны кеңінен ашып көрсетілген.

Кітап еліміздің жаңа тарихын тұтас қамтыған, мазмұны аса бай 4 бөлімнен тұрады. Олар: «Мемлекетіміздің дүниеге келуі. Қазақстанның бірінші жаңғыруы (1991-1995 жылдар)», «Ұлы бетбұрыс. Қазақстанның екінші жаңғыруының басталуы (1996-1999 жылдар)», «Қияға құлаш сермеу. Қазақстанның екінші жаңғыруы (2000-2010 жылдар)», «Қалыптасқан мемлекет. Қазақстанның үшінші жаңғыруы (2010 жылдар)» деп аталады.

«Елбасымыздың жүрек төріндегі толғаныстарынан шыққан бұл кітапты бәріміздің қасиетті Отанымыз — Қазақстан Республикасының негізін қалаған Тұңғыш Президентіміздің өз қолымен жазылған Тәуелсіздік энциклопедиясы деп атауға толық негіз бар», — дейі кітаптың тұсаукесер рәсімін жүргізген «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед.

4 пікір

  1. Ассаламагалникум назарбаев ата сизди аркашан мактан тутамыз денсаулыгыныз мыкты болып аркащанда казагимизга казак елимизге жетистиктер тилемин нур ага теккана алга жсынызга жас косылып аркашанда мартебениз биик болып аллтагала сизге денсаулык берип. Жасыныз жузге жетсин алла. Сизди казагимди колдасын

  2. Сәлеметсібе Нұрсұлтан Әбішұлы.Сіз жүргізіп отырған саясатыңызды қолдаймыз.Елімізді әлемге танытып,қкзкқ елін толағай табыстарға жеткізіп,беделді мемлекет жасағаныңызға шын жүректен тіектеспін.Сізге зор денсаулық тілеймін.Еліміздің көркейуіне өз қлесімізді қосамыз.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version