Қазақстанда киберқауіпсіздік мамандықтарына арналған грант көбейеді

«Біз ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, келесі жылдан бастап, ақпараттық қауіпсіздік мамандығына арналған грант санын 500-ге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз,- дейді ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті басшысының орынбасары Руслан Абдухалықов.

Қазақстанда киберқауіпсіздік мамандары тек жеті оқу орындарында оқытылады. Өткен жылы оған 60 грант бөлінген еді, биылғы саны 160-қа жетті.

Айта кетейік, елімізде «Киберқалқан» жүйесі құрылып жатыр. 2022 жылға дейін осы саланы жетілдіру мақсатында түрлі іс-шаралар жоспарланған.