Үлкен шұбар тоқылдақ Еуразияның қылқанды және жапырақты ормандарында қоныстанады. Қазақстанда орманды дала зонсында және шығыс және оңтүстік — шығыстың таулы ормандары бойынша Іле Алатауына дейін кездеседі. Шұбар тоқылдақ ағаш қуысының кірер аузын өзі дөңгелек етіп қашайды. Салындыда 5-7 ақ түсті жұмыртқалар болады. Сұр түстес балапандары екі аптадан кейін пайда болады. Жас балапандар ұядан ұша салысымен ұялас балапандар тарқап кетеді. Бұлар — отырықшы құстар.
Айта кетейік, жыл құсын таңдау шарасы — жойылып бара жатқан құстарға адамдардың назарын аудару, сол арқылы сақтап қалу. Ол жыл сайын таңдалады. 2017 жылдың құсы үкі болған еді.