Басты бет Жаңалықтар Адам ағзасындағы ісікті анықтайтын гидрогель ойлап табылды

Адам ағзасындағы ісікті анықтайтын гидрогель ойлап табылды

Ғалымдардың айтуынша, дәрігерлер бұл гель арқылы дәстүрлі құрал-аспаптармен жасалған зерттеулерге қарағанда әлдеқайда артық нәтижеге қол жеткізе алады.

Польша ғалымдары адам ағзасындағы ісікті анықтайтын гидрогель ойлап тапты. Бұл гель ауытқуларды зерттеп, тиімді дәрі-дәрмек жасап шығаруды жеңілдете түседі.

Сондай-ақ, гидрогель қандай да бір дәрі жасап шығару үшін жануарларға жүргізілетін тәжірибелерді де азайтуға көмектеседі.

«Ойлап тапқан сулы геліміз зертханалық жағдайда адамдардың денесіндегі жасушалардың өсу ортасын қалыптастырады. Ол сонысымен құнды», — деді зерттеуші Мартин Кризкавски.

Айта кетейік, поляк ғалымдары болашақта бұл гельді барлық зерттеу орталықтарында пайдалана бастайтынына сенімді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version