Басты бет Жаңалықтар Қазақстан Ресейге электр қуатын сатуды қайта жалғастырды

Қазақстан Ресейге электр қуатын сатуды қайта жалғастырды

Бұл туралы «Самұрық-Энерго» компаниясы хабарлады. Электр қуатын жеткізу 2014 жылдың қарашасында рубльдің теңгеге қатысты бағамының төмендеуіне байланысты тоқтаған еді.

«Самұрық-Энерго» баспасөз мәлімдемесінде: «2016 жылдың 17-наурызынан бастап «Екібастұз МАЭС-2 стансасының» екінші блогы іске қосылды және қазақстандық электр қуатын ресейлік қуат жүйесіне тасымалдау жүзеге асты» делінген. «Екібастұз МАЭС-2 стансасының» 50 пайыз акциясы ресейлік «Интер РАО ЕЭС» компаниясына тиесілі. Хабарламаға сәйкес, биыл көрші елге 1,8 миллиард киловатт-сағат қуат тасымалданады, бұл Ресейге 2014 жылы экспортталған қуат көлеміне тең.

Бұған дейін Қазақстанның табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Екібастұз МАЭС-2-ге «уақытша төмендетілген коэффициентпен» Ресейге электр қуатын экспорттауға рұқсат берген болатын.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version