Басты бет Жаңалықтар Атыраулық кәсіпкер өз ауылдастарына 87 млн теңгеге спорт кешенін салып берді

Атыраулық кәсіпкер өз ауылдастарына 87 млн теңгеге спорт кешенін салып берді

Жылыой ауданы Шоқпартоғай ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Бақытжан ДОСТАНОВ (суретте) осы ауылдағы өзі оқыған №3 орта мектепке «Ырыс» спорт кешенін сыйға тартты.

Спорт кешенінің құрылысына ол өз қаржысы есебінен 87 млн теңге жұмсады. Жалпы алаңы — 807 шаршы метр. Мұнда ерлер мен әйелдерге арналған душ, киім ауыстыруға арналған шкафтар, медициналық пункт жұмыс жасайды. Спортпен шұғылдану үшін тренажер құралдары, стол теннисі, баскетбол, волейбол ойындарына арналған залдарбар. Құрал-жабдықтарды шетелден жеткізді.

— Кешенді өзімізді бағып өсіріп, тәлім-тәрбиесін берген марқұм, асыл әжем Ырыс атымен атауды ұйғардым. Бүгінде кешен өз жұмысын бастап кетті. Балалар дән риза, — дейді кәсіпкер Достанов.

Алдағы уақытта ол енді мәдениет үйін тұрғызып, ауылды көгалдандыруды жоспарлап отыр.

1 пікір

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version