Басты бетЖаңалықтарГоловкин Қарағанды...

Головкин Қарағанды облысының құрметті азаматы атағына ие болды

Қарағанды облыстық мәслихатының кезекті, 13-ші сессиясында депутаттар бір ауыздан дауыс беріп, осындай шешім шығарды.

«Қарағанды облысының құрметті азаматы» атағы өңір мен елге ерекше еңбек сіңіргені үшін беріледі. Мұндай марапатты шығару үшін кәсіпорыннан, мемлекеттік мекемеден немесе қоғамдық ұйымнан өтініш түсірілуі тиіс. Құрметті азамат атағы өмір бойына беріледі, бірақ сотты болған жағдайда одан айырылып қалуы мүмкін. Бұл атақты алу үшін азаматтың кем дегенде он жыл бойындағы қызметі өңірмен байланысты болуы керек.

34 жастағы Головкин Қарағандыда туып-өскен. Қазіргі уақытта ол кәсіпқой бокста Қазақстаннан шыққан жалғыз әлем чемпионы әрі The Ring және ESPN тұжырымдары бойынша беделді рейтингтерде салмақ категориясына тәуелсіз үздік боксшылар тізімінде көш бастап тұр.

Дереккөзtengrinews.kz