Басты бетҚорғаныс министрлігінің...

Қорғаныс министрлігінің апталығы: Бауырластық пен қырағылық

Ұлттық қорғаныс университетіне Өзбекстан Республикасының әскери делегациясы келді. Өзбекстан Республикасы Қарулы Күштері Академиясының әскери делегациясы Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне келді. Делегацияны бастап келген Академия бастығының бірінші орынбасары полковник Хомиджон Дадабаев. Өзбекстан Қарулы Күштері Академиясы делегациясының сапары барысында олар университеттің оқу-әдістемелік және материалдық базасымен танысып, мұражай мен Имитациялық үлгілеу орталығын аралады. Өз кезегінде полковник Хомиджон Дадабаев көрсетілген ыстық ықыласқа алғыс білдіріп, әскери кадрларды дайындау жүйесіне жоғары баға берді. Баса айта кететін жағдай қазіргі уақытта Қазақстан мен Өзбекстан көптеген жаһандық және аймақтық мәселелерде, әсіресе халықаралық терроризммен күрес бойынша бірыңғай көзқарас танытып келеді.

Дәл сол уақытта — әскери-патриоттық жұмыстарды әрі қарай жетілдіру мәселесі жөнінде қол қойылған Ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл жөнінде меморандумға сәйкес Қорғаныс министрлігі және мемлекеттік органдармен жалпы білім беру мектептері бірлесіп кадет сыныптарын ашу жөніндегі жұмыстар жалғасын табуда. Кадет сыныптарын ашу жастарды әскери-патриоттық тұрғыда тәрбиелеуге және әскери қызметтің беделін арттыруға бағытталған. Әр кадет сыныбында жалпы орта білім беру мектептерінің бағдарламасы бойынша білім алатын 30 бала оқиды. Осындай сыныптарда патриоттық тәрбиеге, дене шынықтыру мен бастапқы әскери дайындық мәселесіне ерекше назар аударады. Бүгінгі күні республикамыздың барлық өңірінде 101 кадет сыныбы жұмыс жасайды, онда 2800-ден аса бала білім алады. Кадет сыныптарының тәрбиеленушілері әскери мамандықтың қыр-сыры, саналы арифметика, бал билері, атқа шабу, қоян-қолтық күрестің әдіс-тәсілдері, шет тілдері, әдеп және т.б. зерделейді. Қазіргі уақытта Атырау, Ақмола, Қарағанды, Оңтүстік-Қазақстан облыстарының жалпы білім беру мектептерінде кадет сыныптары белсенді жұмыс жасауда. Жуырда Шығыс-Қазақстан облысы Өскемен қаласында № 4 орта мектебінде кадет сыныбының ашылу салтанаты өтті. Алдағы уақытта Батыс-Қазақстан мен Жамбыл облыстарының мектептерінде осындай сыныптарды ашу жоспарлануда.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде материалдық-техникалық қамтамасыз ету әскерлері факультетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Аталған факультет жоғары әскери білім жүйесіндегі кең бейінді материалдық-техникалық қамтамасыз ету мамандарын дайындау жөніндегі тапсырмаларды шешу үшін құрылған. Факультеттің ашылу салтанатына Ұлттық қорғаныс университеетінің бастығы генерал-майор асхат рыысбаев, ҚР ҚК Тыл және қару-жарақ бастығы басқармасының штаб бастығы полковник Алмаз Ахмадиев қатысты. «Мемлекеттің әскери қуаты тек қазіргі заманғы жоғары технологиялық қару-жарақ пен әскери техника үлгілерінің саны мен сапасына негізделмейді, жауынгерлік іс-қимылдарды орындауға мүмкіндік беретін әскерлерді материалдық-техникалық қамтамасыз етудің барлық қажетті түрлерімен қамтамасыз ету бойынша кешенді іс-шараларға да байланысты болмақ. Осы саланың мамандары игеруге тиісті біліктілік талаптары мен кәсіби құзіреттің маңыздылығы бізді даярлықтың қазіргі заманғы жаңа жүйесін құруға итермелейді. Осыған байланысты материалдық-техникалық қамтамасыз ету мамандарына қойылар талап та арта түспек», — деп атап өтті университет бастығы генерал-майор Асхат Рыспаев. Осы бағыттағы біріктірілген басқару жүйесінің маманы тылдық, техникалық, көліктік және медициналық қамтамасыз ету сияқты құрамдас түрлердің негізін білуі қажет екенін атап өткен жөн.

Жауынгерлік даярлық сабақтары аясында ҚР Қорғаныс министрі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен құрамаларын оқу-жаттығу дабылы бойынша көтерді. Жауынгерлік даярлық бойынша тактикалық-саптық сабақтардың қорытынды кезеңінде Қорғаныс министрі Қарулы Күштерді белгіленген деңгейде жауынгерлік даярлыққа келтірді. Басқару органдары, құрамалар, әскери бөлімдер мен мекемелер жауынгерлік даярлық деңгейіне сәйкес қарастырылған кешенді іс-шараларды орындады. Әскери ведомстваның басшысы Қорғаныс министрінің орынбасарларын, әскер түрлерінің бас қолбасшылары мен тектердің қолбасшыларын жауынгерлік даярлық дабылы бойынша атқарылған іс-шараларын тыңдап, алдағы уақыттағы іс-қимыл бойынша міндеттерін нақтылады. Өткізілген сабақтар аясында Қарулы Күштер түрлерінің басқару органдарымен, өңірлік қолбасшылық әскерлерінің және әскер тектерінің қолбасшыларымен Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевтің басшылығымен арнайы жауынгерлік операцияларды ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша бірлескен штабтық жаттығулар жүргізілді. Қорғаныс министрлігі мен Бас штаб басшылығы өткізген іс-шаралардың нәтижелері бойынша тактикалық-саптық сабақтарда, басқару органдары әскерлерді басқару дағдыларын жетілдіруде, бөлімшелердің далалық ептілігін арттыру жөніндегі мақсатқа қол жеткізді. Естеріңізге сала кетсек, басқару органдары мен жеке құрамның іс-қимыл жинақылығын арттыру мақсатында ағымдағы жылдың белгіленген 4-8 желтоқсаны кезеңінде Қазақстанның Қарулы Күштерінде жүктелген міндеттерді орындауда тактикалық-саптық сабақтар өткізілді.

Кадеттерге де маза болмады бұл аптада. Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусының кадеттері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің әскери бөлімдері мен құрамаларына әскери тәжірибе жинақтауға келді. Кадет корпусының оқу-жаттығу бағдарламасына сәйкес Құрлық әскерлерінің әскери бөлімдері мен құрамаларында кадеттіктердің әскери тәжірибе жинақтау кезеңін өткізу ұйымдастырылды. Бұл үдеріс жаңа оқу жылының басталу кезеңіне тұспа-тұс келді. Кадеттіктер мотоатқыштар, танктік, артиллериялық, десанттық шабуылдау және теңіз жаяу әскерлері бөлімшелерінің командилері лауазымдарында тәжірибе жинақтайды. Барлық практикалық сабақтарға екінші курстың 300 кадеті тартылады. Жауынгерлік тәжірибе екі ай бойы өтеді. Осы уақыт ішінде болашақ сержанттар теориялық білімдерін іс жүзінде машықтануға жұмсап, Кадет корпусының қабырғасында алған білімін, көшбасшылық ерекшеліктерін көрсетуге және Қарулы Күштерде шынайы әскери қызмет атқаруға дайындалуға тиісті. «Биылғы жылы жауынгерлік даярлық үдерісіне қатысуға мүмкіндігі болуы үшін кадеттіктерді жаңа оқу жылы кезеңінің басында тәжірибе жинақтау мерзімі қаңтар айынан желтоқсан айына ауыстырылды. Тәжірибе жинақтаушы кадеттіктер үшін ерекше маңызды кезең мамандықтар мен бөлімшелердің жасақталуы кезеңі болып табылады. Дәлі осы кезеңде сержанттар жеке құрамды оқытуға және өздерінің бөлімшелерін басқарудағы командалық дағдыларын арттыруға негізгі күштерін жұмсайтын болады», — деп Қарулы Күштердің бас сержанты шебер-сержант Темірбек Халықов атап өтті.

ҚК әскерлерінің жауынгерлік әзірлігі мәселелері бойынша тактикалық-саптық сабақтар ағымдағы жылғы желтоқсанның 4-і мен 8-і аралығында өтеді. Жеке құрам штаттық техникада және қару-жарақпен марш жасап, ұдайы орналасу пункттеріне келеді. Өткен сабақтар барысында жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру және арналым бойынша тапсырмаларды орындау, Қарулы Күштерді хабардар ету жүйесі, әскери бөлімдердің жасақтаушы жергілікті әскери басқару органдарымен, өзге де әскерлер және әскери құралымдармен өзара іс-қимылы барысында әскерлерді басқару кезінде басқару органдарының (штабтардыі) үйлесімділігі тексеріледі. Тактикалық-саптық сабақтар шеңберінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде ҚР Қарулы Күштерінің бөлімшелерін қолдану мәселелері жөнінде бірлескен штабтық жаттығу өктізіледі, бөлімшелердің роталық лектерді қалыптастыру аудандарына бөлімшелердің шығуы жүзеге асырылады, жылжымалы басқару пункттері өрістетіледі, аумақтық қорғаныс құралымдарымен өзара іс-қимыл ұйымдастырылады, аймақтық қағидат бойынша әуеайлақтардың күзетілуі күшейтіледі, барлық авиациялық техникада қозғалтқыштарды іске қосу жүргізіледі, радиожаттығулардың іс-әрекеттері пысықталады, сондай-ақ ұрыс пен жорыққа корабльдерді дайындау жөнінде іс-шаралар орындалады.

Жалпы алғанда, 2017-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясында және Қазақстан Республикасының Әскери доктринасында айқындалған тапсырмалар аясында әскерлердің (күштердің) жауынгерлік қабілеттілігін арттыру бойынша кешенді шаралар қабылданды. Әскерлердің жауынгерлік әзірлігі мәселелері жөніндегі сабақтардың мақсаттарына қол жеткізілді. Қауіпсіздік шараларының бұзылуы болған жоқ. Жеке құрам, қару-жарақ пен әскери техника жаңа оқу жылына әзір. 2018 жылғы «Ұлы дала әскері – Мәңгілік ел тірегі!» ұраны арналым бойынша ҚР Қарулы Күштерінің дайындығын дамыту және жетілдіру бойынша келесі қадам болмақ.