Басты бетКоммуникациялар - бәсекелестіктің жаңа аймағы

Коммуникациялар — бәсекелестіктің жаңа аймағы

Осы уақытқа дейін «коммуникация» термині жолдар, көпірлермен, теңіз маршруттары мен өзендер және құбырлармен ғана байланысты болатын, бірақ қазіргі электрондық жетілген заманда ол «ақпараттың қозғалуы» терминін білдіреді. Маршалл Маклюеннің жеделдік және тәжірибелік көзқарастағы пікірі бойынша, коммуникация құралын хабарлама деп есептеледі. Бұл пікірге сәйкес, кез-келген коммуникация құралының жеке тұлғалық және әлеуметтік салдары жаңа технологияның мүмкіндіктерінен пайда болады және оның көмегімен кез-келген іс-әрекет жүзеге асырылады. Автоматтандырумен бірге пайда болған адамдық қатынастардың жаңа үлгісі түсініктер мен өзара қатынастарда белгілі өзгерістер алып келеді. Автоматтандыру адамдар үшін рөлдер немесе оларды өз жұмысына қызықтыруды және басқа да адамдармен байланысты қайта жасауды қарастырады деп белгілі бір мөлшерде айтуға болады. Машинаның маңызы немесе жаңалығы болып оның өзі емес, керісінше, адамның оған жасағандары болып табылады. Осы көзқарасқа сәйкес, машинаның біздің бір-бірімізге және өз-өзімізге деген қарым-қатынасымызды өзгертуін қарағанымызда, ол арқылы шығарылғандардың ешқандай маңызы болған жоқ. Машиналық технологияның мәнін құрайтын, адам жұмысын және қауымдастықты қайта құрастыру үлгісі фрагментация үлгісімен анықталынған. Автоматты технологияның мәні қарама-қайшы.

Ол дәл сондай дәрежеде интегралды және орталықсыздандырылған, қандай да машина болмасын, оған деген адамдық өзара қарым-қатынастар үзінді, орталықтандырылған және жоғары сатыда болған.

Коммуникация құралы адамгершілік қауымдастықтың және адамгершілік іс-әрекеттің ауқымы мен үлгісін анықтап, бақылайды.

Кез-келген барлық коммуникациялық тәсілдердің мазмұны бізден сол тәсілдердің сипатын жасырады. Қазіргі уақытта өнеркәсіп салалары бизнестің әр түрлі сипатын, негізгі жұмысы жинау болып табылатын, өңдеу, орын ауыстыру, ақпараттың аудио видео трансляциясы сияқты түрлерін түсіне бастады.

Осы заманғы бизнесті телефонсыз, компьютерлік және көшіргі техникаларынсыз және оларды қолдану бағдарламаларынсыз елестету қиын. Интернет жердің әрбір тұрғынына тек ақпаратты алу құралы ретінде ғана емес, сонымен бірге берілген ақпаратты жеткізу құралы ретінде, жарнаманы үйлестіру және т.б, әсіресе бизнесте маңызды.

Маклюэн қоғамға теледидардың әсер ету салдарын айтып кеткен, жарнаманың табиғатын және мәнін, сонымен бірге қоғамдағы өзгерістердің интернеттің пайда болуымен басталғанын айтқан. Мұндай жүйелер холдингтің ішкі жұмыстарын қосқанда компанияның

бүкіл шаруашылық операциялар тізімін жүргізіп отыруына, барлық бюджеттік және қаржылық шаруашылық қызметтің көрсеткіштер жүйесін құруға, жобаларды іске асыруға, сонымен қатар бизнестің жаңа түріне өткенде икемділік танытуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта ақпаратты өңдеу және алу қарқыны жеделдетілгені соншалық, осы мәселеге байланысты біздің қоғамды «электрондық қоғам» деп белгілеген Маршалл Маклюэннің енгізген «ғаламдық ауыл» атты ұғымы пайда болды. Аталған ұғым Маклюэн тарапынан телевидеокоммуникацияның таратылу дәуірінде 1962 ж. енгізілген, алайда бұл ұғым XXI ғасырда да өзекті болып қалады. Экономика және менеджериалдық тәсілдің күшеюіне қажеттілік туып отыр. Егер электрдің жылдамдығы, мысалы ретінде, 300 мың км/сек құрайтын болса, электрондық байланыс өте шапшаң, тіпті бұл кезекте кеңістік түсінігі жоғалып кетеді. Электронды пошта немесе Қазақстаннан АҚШ-қа трансферт бірнеше секундта жүзеге асырылады. Қазіргі таңда телекоммуникациялық сала әлемдегі ең қарқынды дамушы салалардың бірі болып табылады, ал телекоммуникациялық инфрақұрылым арқылы

жіберілетін ақпарат көлемі әрбір 2–3 жыл сайын екі еселенуде. Дамыған елдерде телекоммуникациялық саладағы инвестицияның өсу қарқыны өңдеуші және өндіруші салалардағы инвестиция қарқынын басып озады.

Ақпараттық өнеркәсіптің жаңа салалары пайда болып табысы дами түседі,осыған байланысты экономикалық нарық субъектілерінің белсенділігін құрайтын ақпараттар елеулі түрде өседі және ақпараттық технологияның ғылыми-техникалық, зияткерлік әлеуетке әсері, ақпараттық ресурстардың қоғамның тіршілік қарекетінде алатын орны маңызды болып табылады.

Телекоммуникациялық қызмет көрсету нарығының негізгі даму факторы болып көбінесе мемлекеттің экономикалық жағдайынан анықталатын, тұтынушының төлемқабілеттілігі табылады. Телекоммуникациялық сектордың дамуына әсер ететін факторлар, нарықтың ауқымын анықтайды.

Ағымдағы тенденцияда XXI – ғасырдың басы өзінің нәтижелі дамуы үшін жаһандық телекоммуникациялық инфрақұрылымның құрылуын талап ететін информациялық қоғам дәуірі ретінде қарастырылады, оның даму қарқыны жалпы экономиканың даму қарқынына қарағанда жоғары болу керек. Дамыған және дамушы елдерде экономикалық өсуді 1 %-ға

қамтамасыз ету үшін телекоммуникация саласы 3 %- дан кем болмайтындай өсімге жетуі керек. Берілген жағдайда дамыған және дамушы елдердің экономикалық көрсеткіштерінде телекоммуникациялық саланың маңызы жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) әрдайым өсуінен көрінеді. Өнеркәсібі дамыған елдерде телекоммуникация қызметінің көлемі ЖІӨ-нен 5 – 8 % жетеді,

ал ТМД елдері бойынша берілген көрсеткіш жоғары өсу қарқынына қарамастан орта есеппен ЖІӨ-нен 2,8% — ды құрайды ( Қазақстанда – 2,9% ).

Бүгінде әлемде болып жатқан ауқымды қайта құрылулар ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуына себеп болады. Жаһандық ақпараттық қоғам Хартиясында белгіленгендей ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар XXI – ғасырдағы қоғамның қалыптасуына әсер ететін аса маңызды фактор болып табылады.

Олардың революциялық ықпалы адамдардың өмір сүру салтына, олардың білімі мен жұмысына сонымен қатар Үкімет пен азаматтық қоғамның қарым-қатынасына қатысты. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар әлемдік экономикалық дамудың маңызды бір бөлігіне айналады. Көптеген дамыған және дамушы елдер ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы мен тарауы өз артынан аса маңызды артықшылықтар қалдыратынын мойындады. Ақпараттық қоғамға қарай қозғалыс – бұл болашақтағы адами өркениетке апаратын жол екеніне ешкімге күмән келтірмейді.

Жаңа ақпараттық қоғамның негізгі сипаттамасының бірі болып оның жаһандық сипаттамасы табылады. Жаңа ақпараттық қоғамның қалыптасу үрдісінде жайлап ақпаратпен алмасу мен таралудың әдістері мен тәсілдері жаңарады, уақыт қысқарады, ұлттық шекаралар мен барьерлар бұзылады, әлемдік ақпараттық кеңістіктің, экономиканың, сауданың, қаржының және басқа да адами тіршілік салалардың құрылымы өзгереді, адамдық құндылықтар мен адамдардың дүниеге көзқарасының интенсивті өзгерүі байқалады, мәдениет пен мәдениеттік модельдердің әмбебабтылығы, динамика күшейіп бәсекелестік асқынады.

Әлемдік дамудың қазіргі кездегі кезеңінде жаһандық ақпараттық желі Интернет бүкіләлемдік ақпараттық кеңістіктің ең көлемді және массалық сегменті болып табылады. Соған қарамастан уақыт өте келе жаһандық ақпараттық желі Интернет ақпаратты алу мен алмасу бойынша қолжетімді болып барады.

Домендік аттар жүйесінің пайда болуы TCP/IP желілік протоколдарының ыңғайсыз сандық мекен-жайларын тез есте сақталатын әріптік сөз тіркесіне ауыстыруға мүмкіндік берді; соңғы жылдары Интернеттің белсенді коммерциялануы мен танымалдылығы доменнің белгілері

бойынша қолданыста бар – тауарлық белгілермен фирмалық атауларына ұқсас материалды емес активтердің белгілерін иемденді. Домендік аттың мазмұны дара болып келетін жарнамалық тақталар көп кездеседі.

Қымбат тұратын интернет-жобалар үшін домен – олардың коммерциялық жетістіктерінің аса үлкен үлесі болып табылады. Және сол домен тұтынушыға сол немесе басқа тауар екенін елестетуге мүмкіндік береді.

Ақпараттық-коммуникациялық қызметтің коммерциялық сипаттамасы XX ғасырды сипаттайтын берілген қызмет саласының дамуының артықшылықтарын қажет етпейді. Өткен жүзжылдықта адамдар осы салада адам дамуының өткен кезеңдердегі дамуына қарағанда үлкен нәтижеге жетті. Осыған байланысты ақпараттық-технологиялық қызметтің диверсификациясының зор болашағын болжауға болады.