WBC Головкиннің Олимпиадаға қатысуына рұқсат берген жоқ

(WBC) тұжырымы бойынша үздік 15 боксшы қатарында тұрған боксшылар Олимпиадаға қатыса алмайды.

«WBC  кәсіби деңгейдегі боксшылардың бірде бірі Олимпиадаға қатыспайды деп үміттенеміз. Өйткені, бұл өте қауіпті. Бұл мәселе толығымен шешімін тауып, жарыс форматы қауіпсіз деп танылмайынша WBC ТОП-15 қатарындағы боксшыларға Риодағы Олимпиада ойындарына қатысуға тыйым салады», — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Халықаралық әуесқой бокс федерациясы (АІВА) 2016 жылғы Олимпиада ойындарына кәсіби боксшылардың да қатыса алатынын жариялаған болатын.

WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы мексикалық Сауль Альваресте. Қазақстандық Геннадий Головкин WBC Interim атағының иегері.

Головкиннің өзі болса, кәсіби боксшылардың Олимпиадаға қатысуына қандай да бір пікір білдірген жоқ. Естеріңізде болса, Геннадий Головкин 2004 жылғы Афины Олимпиадасында күміс жүлдегер атанған болатын.

ДереккөзNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Ұлттық статистика бюросы 1 мамырда жаңартылған Қазақстан халқының саны туралы мәліметті ұсынды.

Сенаттың жаңа депутаты ант берді

Бүгін сенат отырысында Солтүстік Қазақстан облысынан жаңадан сайланған депутат Әсем Рахметова ант қабылдады.

Jusan Ақтөбедегі шығармашылық орталыққа мурал сыйлады

Ақтөбедегі Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қабырғасында жаңа мурал пайда болды. Бұл муралды қала тұрғындарына Jusan сыйға тартып отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев ту көтеру рәсіміне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «Атамекен» этно-мемориал кешенінде өткен мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысының қолынан кімдер шен алды?

Президент мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысып, жоғары әскери оқу орындарының үздік түлектеріне офицерлік шен тапсырды. 

Павлодар облысына 3 500-нан астам көші-қон квотасы бөлінді

Биыл Павлодар облысына 3 500-нан астам көші-қон квотасы бөлінді. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.