Басты бет Жаңалықтар Жүкті әйелдерге тегін медициналық қызмет көрсетіледі

Жүкті әйелдерге тегін медициналық қызмет көрсетіледі

ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында Астанадағы № 6 емханада жүкті әйелдерді тексеру мақсатында «Анамның жүрегі» қайырымдылық акциясы өтуде.

Фото: Depositphotos.com

«Акция жүкті әйелдерді сауықтыру мақсатында ұйымдастырылуда. Әйелдер гинеколог, маммолог, невропотолог, эндокринолог және терапевтің тегін кеңесін ала алады. Тексеру қайырымдылық негізде ақысыз жүргізіледі. Біз әйелдердің ауруын дер кезінде анықтап, уақытылы ем жүргізуді мақсат етіп отырмыз. Биыл 70-тен астам адам мамандардан тегін кеңес алды», — дейді №6 қалалық емхананың бас дәрігері Динара Байсеркина.

Медициналық мәселелер бойынша жоғары сыныпты және жоғары білікті санатқа жататын 20-дан астам маман тұрғындарға кеңес береді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version