Тек оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, солтүстікте және солтүстік-шығыста күн жауын-шашынсыз өтеді. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын және желдің күшеюі күтіледі.
Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының жекелеген жерлерінде тұман, бұрқасын, 15-20 м/с екпіндегі жел болжанады.
Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аумақтарында бұрқасын соғып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман болып, Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман мен көктайғақ күтіледі, желдің екпіні — 15-20 м/с.
Ақмола облысының кей аумақтарында түнде және таңертең бұрқасын болады.
Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлеріне тұман түседі. Атырау облысында көктайғақ болжанады.