Қызылордада үшемдерді дүниеге әкелген 23 жастағы ана «Алтын алқа» алуды армандайды

Бір сәтте шаңырақты көпбалалы отбасыға айналдырған нәрестелер шала туылғанымен, қазіргі жағдайы бір қалыпты. Дәрігерлер үйлеріне шығуға рұқсат берді. Жалпы жыл басынан бері өңірде 4 мыңнан астам сәби өмірге келген, оның 28-і егіздер екен. Ал 3 кішкентай ару облыс бойынша жыл басынан бергі туылған ең алғашқы үшем болып отыр.

«Мерзімінен ерте 33 апталық мерзімде босанды. Туғанда бірінші сәбидің салмағы 1 кг 890 гр, екіншісінің салмағы 1 кг 900 гр, ал үшінші нәрестенің салмағы 1 кг 920 гр болды. Аналарының омырауын емуі жақсы, қанағаттанарлық, қазір салмақ қосып жатыр. Қазір бәрі 2 келіден асты. Алдын ала екпелері жасалды», — дейді облыстық перинаталды орталықтың нәрестелер патологиясы бөлім меңгерушісі Базаркүл Рысбаева.

«Үш қызымды көтергенімді ең алғаш УДЗ арқылы білдім. Өте қатты қуандым, үлкен жаңалық болды. Отбасымызбен бірге қуандық. Дәрігерлер өздері қадағалауға алып, жақсы бақылауда болдым. Болашақта алтын алқа иегері болғым келеді», — деді  қала тұрғыны Ботагөз Байкен.

Дереккөз24.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қазақстанда алдағы күндері 43 градусқа дейін ыстық болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанда 1-3 маусым аралығында ауа райы қандай болатынын жариялады.

Go Viral фестивалі алғаш рет Астанада өтеді

Go Viral 2017 жылдан бері Орталық Азия елдерінде фестивальдер өткізіп келеді. Биыл алғаш рет 23-24 маусымда Астанада өтеді.

Президент қазақстандықтарды мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздер күніне орай Twitter-дегі парақшасында құттықтау жазбасын жариялады.

Президент қазақстандықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Twitter-парақшасында құттықтау жариялады. 

Ерғали Егемберді қаржы министрлігі аппаратының басшысы болды

Ерғали Егемберді қаржы министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматының қоғамдық көлік жүйесімен танысты

Президент «Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС басқаратын ONAY электрон билет сату жүйесімен және Алматыдағы қоғамдық көліктерді диспетчерлік басқару орталығының жұмысымен танысты.