Жиында Қазақстан президентінің өкімімен Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми қызметінен босатылды. Оның орнына Жақып Асанов тағайындалды.
«Парламент Сенаты Бас прокурор лауазымына ұсынылған Қожамжаров Қайрат Пернешұлының кандидатурасын қолдады», — делінген Ақорданың Twitter-дегі жеке парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, Қайрат Мәми аталған қызметке 2013 жылдың қазанында бекітілген.