Басты бет Жаңалықтар Қазақстан асыл тұқымды бір үйір жылқыны Қытайға импорттады

Қазақстан асыл тұқымды бір үйір жылқыны Қытайға импорттады

Қазақстаннан Қытайдың солтүстік батысындағы Алашаңқай құрлықтық бақылау-өткізу бекетіне (Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесіне) 67 асыл тұқымды жылқы жеткізілді.

©kk.wikipedia.org

Қытайға жылқыны шыңжаңдық халықаралық сауда компанияларының бірі импорттады. Карантиді-инспекциялық қызмет мамандары жылқылардың денесіне орнатылған чиптерді сканерлеу арқылы ақпараттардың дұрыстығын тексеріп, жануарларды 30 күндік карантин орналастырды.

Соңғы жылдары Шыңжаң жылқы индустриясына ерекше көңіл бөліп келеді. Импортталған айғырлар Үрімжіге, асыл тұқымды жылқыларды өсіретін және бәйгеге қатыстыратын жерлерге жіберіледі.

Айта кетейік, былтыр Қытайға Алашаңқай бекеті арқылы Ресейден ахалтеке тұқымды жылқылар импортталған болатын.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version