Басты бетЭкономика бойынша...

Экономика бойынша Нобель сыйлығына Назарбаев Университеті қандай үлес қосты?

Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебінің қаржы бойынша профессоры Тиерри Пост Bloomberg-пен Нобель сыйлығын тағайындау үшін таңдап алған Талер жарияланымдарының бірінің жетекші бірлескен авторы болып табылады.

Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебінің профессорлары нәтижесінде Нобель сыйлығы тағайындалған бірлескен еңбек жазуда бірінші рет қатысып отырған жоқ. 2013 жылдың өзінде экономика бойынша Нобель сыйлығын тағайындау кезінде Роберт Шиллер өз сөзінде мінез-құлықтық қаржы саласындағы ғылыми зерттеулердің бірнеше он жылдығын жинақтай отырып, Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебінің профессоры Марек Йошектың ғылыми жұмысын серпілісті жұмыстардың бірі ретінде атап өтті.

2008 жылы «American Economic Review» журналында басылған “Deal or No Deal? Decision Making Under Risk in a Large-Payoff Game Show” жарияланымында профессор Тиерри Пост осы жарияланым авторларының тізімінде бірінші болды: Thierry Post, Van den Assem, Martijn J., Baltussen, Guido and Thaler, Richard H.

Профессор Талердің «ментальді есеп» теориясы (әсіресе, оның 1985 жылы «Marketing Science» журналында жарияланған, маркетингтік зерттеушілермен танылған «Ментальді есеп және тұтынушының таңдауы» мақаласы) адамдар бар картинаны тұтастай қарағаннан, әр шешімге жеке назар аудара отырып, қалай өз қаржылық шешімдерін жеңілдететінін түсіндіреді. Ол сонымен қатар, шығындарды қабылдамау – адам өзі ие болған емес, иелене алатын дүниелерді артық бағалайтынын түсіндіре алатынын көрсетті, мұндай феномен «ие болу (иелену) әсері» деп аталады.

Профессор Тиерриді ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін құттықтаймыз!