Қытайдың Сычуань провинциясында «Цяньсюнь» деп аталатын 16 қабатты ағаш мұнара жанып кетті. Ол таза ағаштан салынған Азиядағы ең биік нысан, ал әлемдегі ең биік будда ғибадатханасы еді. Мұнара биіктігі шамамен 150 метрді құраған болатын.
«Жексенбі күні Қытайдың Сычуань провинциясында Азиядағы ең биік 16 қабатты ағаш мұнара өртке оранып, опырылып құлады. Зардап шеккендер жоқ. Жалынның шығу себебі анықталуда», — делінген Твиттерде видеоны орналастырған People’s Daily,China аккаунтында.
A 16-story wooden tower, known as the tallest of its kind in Asia, has caught fire and collapsed at a monastery in SW China’s Sichuan on Sunday. No casualties reported yet. Cause of fire under investigation. pic.twitter.com/8fmPcrrwqu
— People’s Daily,China (@PDChina) 10 декабря 2017 г.