Халықаралық MBA сертификаты беріледі

Ізденуші мамандарға арналған бағдарлама тыңдаушылардың халықаралық бизнес ортада тиімді басқаруға қажетті білім мен дағдыларды қалыптастыруды, сондай-ақ ойлау қабілетін арттыруды қамтамасыз етеді. Мектептің барлық бағдарламалары болашақ көшбасшыларға қажетті дағдылар мен құзыретті ескере отырып әзірленді, соның ішінде: бизнес-тәуекелдерді тану, әлеуметтік, саяси, мәдени және экологияда қалыптасқан ахуалды зерделей білу, шектеулі табиғи ресурстар жағдайында өндірісті басқару, өзара байланысқан күрделі мәселелер мен белгісіздік туындаған кезде бизнесті басқару, бизнес шешімдердің этикалық негізін білу және сақтау, ұйымның қызметіне ықпал тигізетін барлық мүдделі тараптарды анықтау және олармен серіктестік қатынастарды орнату мақсатында келіссөздер жүргізу құзыреттері бар.

Біздің МВА бағдарламамыз Сізге бизнестің беделді көшбасшыларымен араласу, озық зерттеулермен таныстыра отырып, жетекші оқытушылардан тереңірек білім алудың бірегей мүмкіндіктерін ұсынады. Сондай-ақ Сіз мәселелерді шешудің шығармашылық жолдарын, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді шешімдер арасындағы тепе-теңдікті табу икемділігіне, қарым-қатынастарды орнатып, тиімді сұхбат пен келіссөздер жүргізіп, әріптестік қатынастарды дамыта білуді үйренесіз. Сіздің көшбасшылық дағдыларыңыз жобалық оқыту мен эмпирикалық білім алудың басқа формалары, құрылымдық талдау мен жетекшілік жасау арқылы дамытылады.