Басты бетНазарбаев Университеті...

Назарбаев Университеті әлемдік зертханалар қосынында

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің бұйрығына сәйкес ғылым саласындағы 2017 жылғы атаулы сыйлықтар жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған Д.А. Қонаев атындағы сыйлық «Орта Азия халықтарының генетикасы, мәдениеті және географиясы арасындағы байланыс» тақырыбындағы ғылыми жұмысы үшін National Laboratory Astana, Назарбаев Университеті, кіші ғылыми қызметкері Мақсат Жабағинға берілді.

Қазақ, орыс және өзбек генетиктері Мәуреннаһр, Трансоксиана — Әмудария мен Сырдария өзендерінің аралығындағы жерлер популяциясының генофонын зерттеді. Трансоксиананың генетикалық ландшафты және оның халықтарының географиясымен және мәдениетімен байланысы туралы мақала «Scientific Reports 7» журналында жарияланды (мақала нөмірі: 3085 (2017) doi: 10.1038 / s41598-017-03176-z). Оның авторлары Мақсат Жабағин (National Laboratory Astana, Назарбаев Университеті) және проф. Елена Балановская (Ресей медициналық генетика зерттеу орталығы), сондай-ақ басқа генетиктер. Жұмыстың жетекшісі: профессор Олег Балановский (РҒА Жалпы генетика институты, Ресей).