Басты бет Жаңалықтар YouTube онлайн музыка тыңдау қосымшасын ұсынбақ

YouTube онлайн музыка тыңдау қосымшасын ұсынбақ

Bloomberg басылымының мәліметінше, қосымшаны Remix деп атайды.

©Көрнекі фото

Remix қосымшасының арқасында желі қолданушылары компьютер және ұялы телефон арқылы танымал әншілердің әнін заңды жолмен тыңдай алады.

Бұған дейін Google сан рет осы секілді ән тыңдауға арналған қосымша жасап шығаруға тырысқан. Айта кетсек, 2011 жылы Google Play Music, 2014 жылы YouTube Music Key сынды қосымшалар пайда болды.

Америкалық корпорация Warner Music Group лейблімен келіскен. Қазір Google Sony Music Entertainment, Universal Music Group және Merlin сынды компаниялармен келісім-шарт жасасып жатыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version