Басты бет Жаңалықтар Әнуар Ахметқалиев жүзуден әлем чемпионатында күміс жүлде алды

Әнуар Ахметқалиев жүзуден әлем чемпионатында күміс жүлде алды

2 - 8 желтоқсан аралығында Мексикада тірек-қозғалыс аппараты және көз жанары бұзылған мүгедек-спортшылар арасында жүзуден әлем чемпионаты өтті. Бұл туралы Астана қаласының ішкі саясат басқармасы хабарлайды.

«Жігер» спорттық клубының түлегі Әнуар Ахметов 100 метрлік қашықтықта брасс әдісі бойынша 1:12.09  көрсеткішке қол жеткізіп,  әлемнің күміс жүлдегері атанды. Сондай-ақ ол, 100 метр қашықтыққа еркін жүзуде төртінші орынға табан тіреді. (0:59.85)»,-делінген хабарламада.

Айта кетейік, Әнуар Ахметқалиев елге 11 желтоқсан күні оралады. Онымен бірге жүзуден ұлттық құраманың 12 спортшысы  келе жатыр. Ұлттық құрама спортшылары Франкфурт — Астана әуе рейсімен ұшып келеді.

Еске салайық, мұндай жетістіктерге жеткен бірнеше спортшы бар:  Зүлфия Ғабидуллина 1-2 орындарғы ие болса, Наталья Звягинцева алтынға қол жеткізген, Роман Агалаков күміс, Андрей Афанасьев қола медальды еншіледі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version