Мөлдір Әуелбекова: Баян Есентаеваны ешқашан жаман деген жоқпын

Әнші «7» арнаның «Жан сырым» бағдарламасында «Кешью» тобынан бас-аяғы үш рет кеткенін айтып, экс-продюсеріне деген көзқарасы жайлы әңгімеледі.

Ол кезде ашық-шашық киіну керек болды. Әкем бұл стиліме қатты наразы болып, ренжіді.Әкем бұл стиліме қатты наразы болып, ренжіді

«Ең басында «Кешью» тобына келгенімде екі жылға келісім-шартқа отырған болатынмын. Бірақ ол кезде ашық-шашық киіну керек болды. Әкем бұл стиліме қатты наразы болып, ренжіді. Не де болса екі жылға шыдап-бағайын дедім де, екі жыл өткен соң топтан кеткенмін» — деді Әуелбекова. Бұл оның «Кешьюдан» кетуінің бірінші себебі болған. Бұдан кейін ол топқа қайта оралып, 2012 жылы тағы кетеді.

2014 жылы Мөлдірдің «Кешью» тобына қайта оралуы және топтан қайта шығуы БАҚ-да қатты талқыланған еді. Алайда топтан кетуіне «Ұшақпен ұшуға болмайтындығы» емес, оның жеке әнші ретінде қалыптасып қалғандығы, топпен жұмыс істеуден шығып қалғандығы себеп болған.

Дегенмен, Мөлдір экс-продюсеріне деген өкпе-реніші бар екенін жасырмады. Бірақ бұл тек өзінің ғана мәселесі екенін жеткізді.

«Адамдар бірінші жақсылықты емес, жамандықты іздеп тұрады ғой. Мен ол кісіні ешқашан жаман деген жоқпын, жамандамаймын да. Егер менің ренішім болса да, бұл менің ренішім, өзіммен арпалысым. Мұның ешкімге қатысы жоқ. Менің осы күнге дейін айтып жүргенім — тек қана алғыс. Мен мойындаймын, маған көп нәрсе үйретті, өзі де үйренді. Жоғары деңгейде үйретті. Топтан кеткен соң мені көптеген продюсерлер өзіне шақырды. Бірақ мен ешкіммен жұмыс істегім келмейді. Баяннан мықты продюсер жоқ. Болмайды да!» — деді Мөлдір Әуелбекова.

ДереккөзBaistars