Басты бет Жаңалықтар Жемқорлықпен айыпталғандардың мүлкі көпбалалы отбасыларға таратылуы мүмкін

Жемқорлықпен айыпталғандардың мүлкі көпбалалы отбасыларға таратылуы мүмкін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұрланған ақшаны анықтап қана қоймай, тәркіленген мүлік пен ақшаның айналымын да бақылап келеді. Бұл туралы ұлттық бюроның жетекшісі Талғат Татубаев мәлімдеді.

Көрнекі сурет

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жемқорлардың мал-мүлкін әлеуметтік жағынан аз қамтылғандарға таратып беру мәселесін қарастырып жатыр.

«Мемлекет меншігіне аударылатын мүлік те бар. Қазіргі кезде біз тағы бір бастаманы көтеріп жатырмыз. Ондай активтерді әлеуметтік жағынан аз қамтылғандарға — балалар үйлері мен көпбалалы отбасыларға таратып беру мәселесі пысықталып жатыр», — деді Татубаев Астанадағы xалықаралық конференцияда. Бюро басшысының айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы орган құрылғалы бері 8 мыңнан астам жемқорлық әрекеттері әшкериленді. Осы жұмыстың аясында шамамен 3 мың адам қылмыстық жазаға тартылды. Мемлекетке келген шығын 60 млрд теңгеден асты. «Ол ақшаның жартысы қайтарылды. Осы қаржыға 19 мектеп, 100 балабақша немесе 18 ауруxананы салуға болатын еді», — деп атап көрсетті Талғат Татубаев.

 

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version