Басты бет Жаңалықтар Астана әкімдігі жиналыстарды онлайн-трансляция арқылы өткізуді жоспарлап отыр

Астана әкімдігі жиналыстарды онлайн-трансляция арқылы өткізуді жоспарлап отыр

Астана қаласының әкімдігі аппараттық отырыстарды онлайн-трансляция арқылы өткізуді көздеуде. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев өзінің Фейсбук парақшасында жазды.

«Қала әкімдігінің жұмысын ашық ете түсуді жалғастырамыз. Біз көптеген кездесулерді, жиналыстар мен келіссөздерді жүргіземіз. Ал өткен аптадан бастап апта сайынғы аппарат жиынынында көтерілген мәселелерді егжей-тегжейлі Сіздерге xабарлап отыруды шештік. Жиналыс әр дүйсенбі сайын өтеді», — дейді Әсет Исекешев Фейсбук парақшасында.

Әкімнің жазуына қарағанда, аппарат отырысында өткен апта қорытындыланып, алдағы аптаның жоспарлары мен шешілмеген мәселелері талқыланады. Ең басты артықшылығы — осы отырыстар онлайн-трансляция арқылы өткізілмек.

«Осылардың барлығын әкімдіктің ресми сайтынан және әлеуметтік желілерден (facebook, instagram, telegram) оқитын боласыздар. Айтпақшы, әлеуметтік желімізге жазған барлық арыз-шағымдар тез арада тиісті мекемелерге жіберіледі. Тағы да айта кететін жайт — алдағы уақытта аппарат жиналысын онлайн-трансляция арқылы да көруге мүмкіндік аласыздар», — деп жазды қала әкімі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version