«Қала әкімдігінің жұмысын ашық ете түсуді жалғастырамыз. Біз көптеген кездесулерді, жиналыстар мен келіссөздерді жүргіземіз. Ал өткен аптадан бастап апта сайынғы аппарат жиынынында көтерілген мәселелерді егжей-тегжейлі Сіздерге xабарлап отыруды шештік. Жиналыс әр дүйсенбі сайын өтеді», — дейді Әсет Исекешев Фейсбук парақшасында.
Әкімнің жазуына қарағанда, аппарат отырысында өткен апта қорытындыланып, алдағы аптаның жоспарлары мен шешілмеген мәселелері талқыланады. Ең басты артықшылығы — осы отырыстар онлайн-трансляция арқылы өткізілмек.
«Осылардың барлығын әкімдіктің ресми сайтынан және әлеуметтік желілерден (facebook, instagram, telegram) оқитын боласыздар. Айтпақшы, әлеуметтік желімізге жазған барлық арыз-шағымдар тез арада тиісті мекемелерге жіберіледі. Тағы да айта кететін жайт — алдағы уақытта аппарат жиналысын онлайн-трансляция арқылы да көруге мүмкіндік аласыздар», — деп жазды қала әкімі.