Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаевтың бүгін Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында: «Кремльдің әуе күштерін шығару және Сириядағы әскери қимылдарды тоқтату туралы шешімі шынайы бітім мен бейбіт үдеріске жағдай жасайды», — деп жазылған.

Ресей президенті Владимир Путин 15 наурыздан бастап Сириядағы әскерді әкетуді бұйырды. Бұл бұйрыққа Женевада Сириядағы жауласқан тараптар арасындағы келіссөздер басталған дүйсенбі, 14 наурызда қол қойылды.

Путин әскерилердің қойылған тапсырманы орындағанын айтып, әскерді шығару шиеленісті саяси жолмен шешуге түрткі болатынына сенім білдірді. Путиннің айтуынша, Ресей әскері шоғырланған Тартус және Хмеймимдегі базалар бұрынғы тәртіппен жұмыс істей бермек. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Сирия президенті Башар Асадтың Путиннің шешімімен келіскенін айтты.

Ресей Сириядағы әуе соққыларын 30 қыркүйекте бастаған еді.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!