Нұрсұлтан Назарбаев Анкарадағы жарылысқа байланысты көңіл айтты

Жеделхатта қайғылы оқиға салдарынан көптеген жазықсыз адамдардың қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды Қазақстан Президенті зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.

«Еліңізбен көрші аймақтағы тұрақсыздық пен халықаралық терроризмнің өршуіне қарамастан, Түркия ішкі тұрақтылығы мен қауіпсіздігін нығайтып, қазіргі заман қауіп-қатерлеріне қарсы күресте табандылық танытатынына сенімдімін. Халықаралық терроризмнің тамырына балта шабу әлемдік қоғамдастық алдында тұрған ең өзекті міндет деп санаймын», — делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы Қазақстан ХХІ ғасырдың ең қауіпті қатеріне қарсы күресте бауырлас түрік халқын қолдайтынын атап айтты.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Ердоғанға, қаза тапқандардың туыс-туғандарына, сондай-ақ барша Түркия халқына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

Айта кетейік, жарылыс кеше, 13 наурызда кешкі уақытта Түркия премьер-министрінің Гүвен саябағының маңында орналасқан кеңселерінің біріне таяу жердегі автобус аялдамасында болған. Екі автобустың ортасында тұрған автомобиль жарылып кеткен. Жарылыс сәті видеотіркеу құрылғыларының біріне жазылып қалған. Жарылыстан 34 адам қаза тауып, 125 адам зардап шекті.

ДереккөзTengrinews.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

ҰҚК екі айда 40-тан аса қару-жарақ тәркіледі

Сәуір және мамыр айларында ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірге қарудың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша бірқатар жедел іздестіру шараларын жүргізді.

Теңіз кен орнының аумағында газ бөлу кешені салынады

KMG PetroChem мен Теңізшевройл газ бөлу кешенін салу туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Shell компаниясының басшысын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Shell компаниясының басшысы Уаэль Сауанмен кездесті. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады. 

Биыл Қазақстанға қанша қандас оралды?

Биыл 8 мыңнан аса этникалық қазақ қандас статусын алды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ бас хатшысы Хельга Шмидпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына қатысуға келгені үшін Хельга Шмидке алғыс айтты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Бауырын бағып өскендер. «Кішкентай ата-ана» болғанның кесірі көп пе?

Практик-психолог Әсем Ілесбай "кішкентай ата-ана" синдромын түсіндіріп, екінші ата-ана болып өскен балалардың проблемасын талдап берді.