Бүгін Сенат конституцияға өзгерістер енгізетін заң жобасын қарайды

Аталған заң жобасы бойынша баяндаманы Әділет министрінің орынбасары Зәуреш Баймолдина жасады.

«Мен сіздерге 6 конституциялық заңға қандай өзгертулер енгізу қажеттігін түсіндірдім. Аталған заң жобаларындағы өзгертулер еліміздегі конституциялық реформаны жетілдіруге бағытталған. Сондықтан аталған өзгерістердің еліміз үшін кері әсері болмайды», — деді ол.

Өз кезегінде депуттар аталған заң жобасын қолдады. Енді аталған құжат Сенат отырысында талқыланады.

ДереккөзBaq.kz