Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда коммуналдық қызмет ақысы қымбаттады

Қазақстанда коммуналдық қызмет ақысы қымбаттады

Қазақстанда коммуналдық қызмет ақысы қымбаттап жатыр. Коммуналдық қызмет үшін баға Астана мен Алматы қаласында орташа республикалық қарқыннан төмен. 

Фото: Аngvremya.ru

Қазақстанда коммуналдық қызмет ақысы соңғы 5 жыл ішінде барынша қымбаттаған. Биылғы жылдың қараша айында өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің құны, сондай-ақ су, электр энергиясы, газ және жылу тарифтері бірден 8,1% -ға өскен. Былтыр осы кезеңде елімізде коммуналдық қызмет бағасы 6,9 %-ға өскен еді.

Осы жылы ыстық су, газ және жылуға тарифтер өскен. Ыстық су бағасы 11 айда 14,9%-ға өскен. Бүгінгі таңда қазақстандықтар ыстық суға орташа есеппен 1 куб.м үшін 237 теңге төлейді.

Елімізде 2017 жылы қаңтар-қараша айларында газ тарифі 10,6%-ға қымбаттаған екен. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 7,5% болған еді.

Тарату желілері арқылы тасымалданатын табиғи газдың орташа алғандағы тарифі 18,4 теңге, 1 кг сұйылтылған үшін — 148,75 теңге болады.

Жылу тарифтері де қалыс қалмапты. Осы жылы жылу 9,6%-ға өскен екен. Бұл қызмет үшін қазақстандықтар 1Гкал үшін 3,9 мың теңге төлейді.

Еліміз бойынша коммуналдық тарифтер үшін баға ОҚО қарқынды өскенін байқауға болады. Мұнда тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің құны бірден 19,2%-ға өскен. Назар аударатыны өңірлерде былтырғы жылмен салыстырғанда қызмет көрсету құны 2 есеге өскен. 2016 жылы 11 айда қызмет көрсетудің мұндай түрлері 8 пайызға өскен. Қызылорда өңірінде су мен электр энергиясы үшін баға соншалық қымбаттай қоймаған екен. (+2,7%)

Алматы қаласында коммуналдық қызметтің ақысы 5,1%-ға өссе, Астана қаласында 5,9%-ға өскен екен. Былтыр еліміздің бас қалаларында бұл көрсеткіш 3,7% және 4,7%-ды құраған еді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version