Басты бетЖаңалықтарЕлімізде ғарышты...

Елімізде ғарышты игеру саласы бекемдей түспек

«Болашақ» бағдарламасы бойынша ғарыш саласының кадрлық әлеуетін арттыру жолында мамандар даярланып жатыр. Қазақстан шет мемлекеттермен осы бағыттағы байланысын бекемдей түскен.

Мәселен, 2011 жылы ресми Астана Киевпен бірге ғарыштық ұшу құрылғыларын құрастыруды көздейтін бағдарламаны қолға алған. Украина – әлемдегі ғарыш игеру саласын толық меңгерген бірегей мемлекеттің бірі. Мұнда зымыран құрастырудан бастап, оның отыны, кешен құрастыру әрі зымыран тасымалдау сияқты ғарыш аппараттарының барлық түрі дайындалады.

Бұл саладағы мамандар да мықты. «Бір жағынан «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып келген жастардың арқасында Қазақстан ғарышты игеру саласында озық елдермен терезе теңестіріп келеді», – дейді сала басшылары.

Павел Дегтяренко, Украина мемлекеттік ғарыш агенттігінің басшысы: Біз алты жыл бұрын Қазақстанмен жерді ғарыштық құрылғылармен арақашықтықтан бақылау және олардың элементтері, жеңіл классты зымыран тасығышын құрастыру бойынша біріккен жұмыстарды жүргізіп келеміз. Қазақстанның ғарышты игеру саласындағы шет елден оқып келген мамандары әуе-ғарыш өнеркәсібін дамытып келеді. Бұл – өзге елге үлгі болатын дүние.

Қазақстанның Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі осы елмен ғарыш саласындағы бағдарламаны қарқынды жүзеге асыруға күш жұмсамақ. Ол үшін Украинаның Днепропетровск қаласында орналасқан Южмаш орталағына жұмыс сапары жоспарланып отыр.

Самат Ордабаев, ҚР Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі: Украина кеңес кезеңінен бері ең мықты деген «Южмаш» пен КБ «Южное» ғарышты зерттеу орталығын құрастырған ел екенін жақсы білеміз. Мұнда «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылған зымыран тасымалдағыш құралдар өндіріледі. Заманауи үлгідегі «Зенит», «Днепр» және «Ангара» сияқты зымыран тасығыштарын әлем біледі.

Қазақстан үшін де ғарыш әлеуетін арттыру – мемлекеттік басым бағыттардың бірі. Украина мен Қазақстан жаңа жылдан бастап айти технология, жол-көлік және ғарыш саласындағы байланысын одан әрі жандандыра түсуге ниетті. Наземный старт.

Қазақстан мен Украинаның 2018 жылдан бастап бірігіп жүзеге асыратын жобаларының ең маңызды бағыты осы. Украина өз кезегінде жеңіл класты зымыран тасығышын құрастыруды, ал Қазақстан ол үшін инфрақұрылыс пен бастапқы кешенді ұсынуға күш-жігерін жұмсамақ.

Дереккөз24.kz