Басты бетЖаңалықтарОльга Рыпакова...

Ольга Рыпакова ең үздік спортшы атанды

Федерацияның кезектен тыс конференциясы кезінде сөз алған Жақсыбеков жеткен жетістіктердің жөні бөлек, дегенмен бірінші кезекте атқарылатын шаруаларды пысықтап алу маңызды екенін айтты.

Жаңа ревизиялық құрам жасақталды. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниял Ахметов атқару комитетінің мүшесі атанды. Бас бапкер Григорий Егоровтың есебі тыңдалды. Есеп кезінде де федерация басшысы бас жаттықтырушыны сынға алды. Елде жібі түзу жеңіл атлетика манежі жоқ екендігі тілге тиек болды.

Айта кетерлігі Астанада халықаралық талаптарға сай жаңа манеж салынады. Және ол спорт ареналары орналасқан тұста бой көтеруі тиіс.

Әділбек Жақсыбеков, ҚР жеңіл атлетика федерациясының президенті: Құрылыс жұмыстары басталды. Бұл керемет спорт кешені болуы тиіс. Мамандар халықаралық федерация келісімін алды. 2019 жылға дейін пайдалануға беріледі.

Алдағы маусым межеленген соң биылғы үздіктер марапатталды. Қауымдастық ұйғарымындағы ең үздік спортшы атағына Ольга Рыпакова иелік етті. Виктория Зябкина мен Сергей Григорьев есімдері де ұлықталып, ел спортының дамуына еңбек сіңірген Ольга Шишигина мен Дмитрий Карповқа төсбелгі табыс етілді.

Дереккөз24.kz