Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

«Астана» футбол клубы чехиялық «Славияны» жеңіп, плэй-оффқа шықты

©Көрнекі фото

Ойынның 38 минутында Марин Аничич гол соғып, «Астананы» алға шығарды. Қуанышымызға орай, бұл – ойындағы жалғыз гол еді. Алаң иелері үлкен күшпен шабуылдаса да, «Астана» қақпасының кілтін таба алмады. Осылайша, «Астана» 10 ұпаймен «А» тобында Вильярреалдан кейінгі екінші орынды иеленді.

Осыған дейін ешқандай қазақстандық клуб топтық кезеңнен өте алмаған. «Астананың» бұл жеңісі осы себепті Қазақстан футболының тарихында алтын әріппен жазылады. 1/16 финалдағы өз қарсыласын «Астана» 11 желтоқсан күні білетін болады. Жеребе Ньюонда Астана уақытымен 18:00 өтеді.

1/16 финал ойындарының көпшілігі 15 және 22 ақпан күндері өтпек, алайда нақты күнтізбені УЕФА жақын арада бекітпек.

14 комментариев на «“«Астана» футбол клубы чехиялық «Славияны» жеңіп, плэй-оффқа шықты”»

  1. ЖАРАЙСЫҢДАР ЖІГТТЕР. Бірақ сол голдың авторы қазақ болғанда ғой. Одан да керемет болар еді

  2. жарайсыңдар, енді 2018 де Астаналықтардың ЕвроЛигадағы голдарын тамашалайық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version