Басты бетЖаңалықтарАстанада Әсет...

Астанада Әсет Исекешевтің төрағалығымен аппарат жиналысы өтті

Апталық жиында бірінші болып қала әкімінің орынбасары Сергей Хорошун  тұрғын үйдің үлескерлік құрылысы туралы баяндама жасады.

«Қазіргі күні үлескерлердің таңдауының нәтижесінде «Абат» проблемалы нысанының құрылысшысы анықталды. МСҚБ мен Астана қаласының ІІД анықталған бұзушылықтар негізінде пәтерлерді өткізу фактісі бойынша 43 қылмыстық іс қозғалды. Құрылыс компанияларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Магистральный 3» ТК бұрынғы басшысының қамауға алынуына байланысты ЭКСПО аумағындағы «Роял ЭКСПО» ТК бақылауға алынды. Бүгін үлескерлік құрылыс мәселесі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтеді», — деді Сергей Хорошун өз сөзінде.

Екінші болып Төтенше жағдайлар департаментінің директоры Барат Дүзақбаев баяндама жасады. Оның айтуынша, департамент мамандары өткен аптада  85 шақыртуға қызмет көрсетіп, 9 адамның өмірін құтқарып қалған.

Жиында қаралған үшінші мәселе — қала тұрғындарын тұмауға қарсы егу науқаны мен қоғамдық денсаулық сақтаудың басқа да шаралары.

Осы күні қаланың медициналық мекемелерінде тұмауға қарсы екпе науқаны жүріп жатыр. Ағымдағы жылы екпемен 104 449 адам қамтылды.

«Оның ішінде жергілікті бюджет есебінен 74 129 адам, ал жұмыс беруші есебінен 28 081 адам егілді. Сондай-ақ, 2239 адам аталған екпені өз есебінен салдырды. Бүгінгі күні ЖРВИ санының артқаны байқалады. Өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 19 пайызға көбейді», — деді Қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің басшысы Нұрқан Садуақасов.

Оның айтуынша, осы күні мектептер мен халық көп жиналатын жерлерде ЖРВИ мен тұмаудан сақтану шаралары туралы ақпарат таратылып жатыр.