Мектеп оқушысы АҚШ-тың ең үздік ғалымы атанды

2016 жылы Мичиган штаты Флинт қаласының тұрғындары қорғасынмен уланған судан зардап шеккен. Оқушы қыз тұрғындарға өзінің жобасымен көмектеспек болған. Гитанджалиге бұл идея ата-анасының суды тест-жолақшамен тексеріп жатқанын көрген соң келген.

«Бұл өте тиімді әдіс емес. Себебі, судың қаншалықты таза екенін анықтау үшін оны тестінің көмегімен бірнеше рет тексеруіңізге тура келеді», – дейді жас ғалым.

Гитанджали ойлап тапқан құрылғы көміртек нанотүтікшелерінен жасалған. Девайстағы Bluetooth-дің арқасында тест нәтижесін смартфон экранынан көруге болады.

«Алғашында тәжірибем сәтсіз болды. Бірақ артынша қателіктерімнен сабақ ала бастадым. Сәтсіздіктің табысқа жеткізер жол екенін түсіндім», – дейді ол.

ДереккөзBaq.kz