Байқоңырдан «Союз» тасымалдаушы зымыраны ұшырылды

Зымыран Астана уақыты бойынша 14 наурыз күні сағат 00.56-да ұшырылды. «Тасылмалдаушы зымыранның қозғалтқыш құрылғылары штат режимінде жұмыс істеп, 9 минут 21 секундтан кейін аралық орбитада ғарыш аппараты тасымалдаушы зымыранның «Союз-2.1б» деп аталатын үшінші сатысынан бөлінді. Ұшуды басқару орталығы аппараттың ұшуын басқаруға кірісіп кетті», — делінген хабарламада.

Еске салайық, «Союз» тасымалдаушы зымыраны 12 наурызда ұшырылу керек болған. Дегенмен автоматты ұшыру жүйесінде ақаулар пайда болып, зымыранды ұшыру кейінге қалдырылды.

ДереккөзTengrinews.kz