«Неге қатты ауырып тұр?» — деп ойладым да таңертең мұздан шығып кеттім. Киім шешетін орынға ақсаңдап әрең жеттім.
— Кешке жарысқа қалай шығасың?
— Бірдеңе қылармын.
Сөйтіп Люксембургке келдім. Жарысқа шықтым. Қысқа бағдарламадан кейін алға шықтым. Ерікті жарысқа шығасың ба деп сұрады.
— Иә.
— Қалай? — деп уайымдады анам.
— Бәрі жақсы болады», — деп жазды Денис әлеуметтік желіге.
Атап айтсақ, қазіргі уақытта қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Люксембургте Сoupe du Рrintemps турниріне қатысуда. Қысқа бағдарламадан кейін Денис 86.95 балл алып, бірінші орынға шықты.
Спортшы АҚШ-та Бостонда 28 наурыз — 3 сәуір аралығында өтетін әлем чемпионатының алдында жаңа бағдарламасын пысықтауда.
Еске салсақ, Денис жарақаты салдарынан ақпанда төрт құрылық чемпионатына қатыса алмады. Бұдан бұрын ол өз жанкүйерлерін денсаулығына алаңдап, қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, Бостонда әлем біріншілігінде Қазақстан атынан міндетті түрде шығуға уәде берген.
Өзі қазақ болмаса да жүрегі қазақ деп соғатын жігіт. Тіл көзден сақтасын сені Денис брат.
Үстіне киген қазақи көйлегі қандай жарасымды…
Денис мы гордимся тобой Пусть Аллах бережет тебя Здоровья Удачи тебе сынок !Гульсара апай .
Денис мы гордимся тобой Пусть Аллах бережет тебя Здоровья Удачи тебе сынок ! Гульсара апай .