Басты бет Жаңалықтар Ресей құрамасы қысқы Олимпиада ойындарына қатыспайды

Ресей құрамасы қысқы Олимпиада ойындарына қатыспайды

ХОК атқарушы комитеті Лозаннадағы арнайы отырыстың қорытындысында 9-28 ақпанда өтетін Пхенчхан қысқы Олимпиада ойындарынан Ресей құрамасын шеттету туралы шешім шығарды.

©tvc.ru

Алайда «қатаң допинг шарттарына» сай ресейлік спортшылар олимпиада туымен қысқы ойындарға қатыса алады.

«Шақырылған спортшылар «Ресейлік Олимпиада спортшысы» атаумен олимпиада туы астында жарысқа түседі. Әрбір марапаттау рәсімінде олимпиада туы көтеріліп, әнұраны орындалады», — деп көрсетілген ХОК баспасөз хабарламасында.

Ресейдің олимпиада комитеті дисквалификацияланды. ХОК баспасөз хабарламасында 2014 жылы Сочи олимпиадасы кезінде Ресейдің «допинг сынамаларын ауыстыруы» мен «допинг жүйесін қолданғаны» жарыстан шеттеуге себеп болған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version