Ауыл шаруашылығы министрiнiң бiрiншi орынбасары Қайрат Айтуғанов Көкшетауда өткен кеңесте ақмолалық шаруалар мен сала мамандарына 2021 жылға дейiнгi Агроөнеркәсiп кешенiн дамыту бағдарламасының қыр-сырын түсiндiрдi. Ауылшаруашылық кооперативтерiн құру және осы арқылы өңдеушi кәсiпорындардың жүктемесiн арттыру, тыңайтқыштар сатып алу мен егiстiк алқаптарын әртараптандыру секiлдi мәселелердiң барлығы осы жиында талқыланды.
Айта кетейiк, биыл аймақ диқандары 5 млн тоннадан астам астық жинады. Оның 80 пайыздан астамының сапасы жоғары.
Қайрат Айтуғанов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң бiрiншi орынбасары: — Қазiр бидай мен арпа емес, басқа дақылдар да шығып жатыр. Майлы дақылдар бар. Оларды Ақмола облысы көтеру керек., Трактор, комбайндар болса, соларды жаңарту керек. Ендi тұқым деймiз ғой, ол өте сапалы болуы керек. Элита деймiз ғой, супер элита сұрыптары. Соны көбейту керек.