Басты бетЖаңалықтарМәлік Мырзалин...

Мәлік Мырзалин Қытайдағы ең ірі инвестициялық корпорация президентiмен кездестi

Аймақ басшысы, Қытайдың «CITIC» ең iрi мемлекеттiк инвестициялық корпорациясының президентi Wang Jiong мырзамен кездестi (нарықтық капиталы 50 млрд. доллар). Кездесу нәтижесiнде тараптар туризм, ауылшаруашылығы, құрылыс, тұрғын-үй инфрақұрылымы, машинақұрастыру, бидайды терең өңдеу бойынша өзара ынтымақтастықты дамыту туралы уағдаласты.

Ақмола облысының делегациясы жылумен қамтудағы инновацияны әлемдегi ең жоғары технологияны қолданып, электр энергиясын қалдықсыз өндiруде көшбасшы саналатын «Shenwu» компаниясының басшылығымен талқылады. Аталған компания таза энергетика саласында жеткен жетiстiктерiмен әлемге әйгiлi.

Қазақстандық астықтың 25 пайызын өндiретiн Ақмола облысы, Қытайдың ауылшуарышылығы техникасын шығаратын жетекшi компаниялардың қызығушылығын туғызып, осы тұрғыда бiрлескен компания ашу мәселесi қаралды. Сапары барысында Ақмола облысының делегациясы, «Longyuan Shiying Machinery Production Co. Ltd», «YTO Group», «Huanghai Jinma Tractor», «Longtai Shandong» компаниялары басшыларымен де екiжақты кездесу өткiздi.

Сондай-ақ Қытайдың шетелдiк экономикалық қарым-қатынас ұлттық компаниясы басшылығымен де кездесу ұйымдастырылды. Fortune 500 құрамына кiретiн компания, облыс орталығында су тазарту стансасы мен қолжетiмдi баспана құрылысы жобаларына қызығушылық танытты.

«Ендi өзара келiсiмнiң келесi қадамы болып, қытайлық жұмыс тобының Ақмола облысына сапары болады. Сапары барысында тараптармен ауылшаруашылығы, машинақұрылысы, энергетика, туризм және экономиканың басқа да секторы бойынша бiрлескен компания құру туралы мәселелер егжей-тегжейлi қаралады»,- деп атап өттi М. Мырзалин.