Басты бетЖаңалықтарҚазақстан Халқы...

Қазақстан Халқы Ақмола ассамблеясының ХХ сессиясы өтті

Жиырмасыншы сессияның жұмысына облыстық ассамблеяның мүшелерi, этномәдени және дiни бiрлестiктердiң, қоғамдық келiсiм кеңестерiнiң төрағалары, мемлекеттiк мекемелердiң, қалалық және облыстық мәслихаттардың депутаттары және саяси партиялар мен үкiметтiк емес ұйымдардың басшылары барлығы 600 адам қатысты. Сондай-ақ, сессияға «100 жаңа есiм» жобасына ұсынылған кандидаттар да келдi.

Сессияны ашқан облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин Тәуелсiз мемлекетiмiздiң бiрлiгi жарасып, дамудың даңғыл жолына түскен елiмiздi құрудағы Қазақстанның Тұңғыш Президентi, Ұлт көшбасшысы, Нұрсұлтан Назарбаевтың ролiне ерекше тоқталды.

«Елдегi этностардың достығы, мемлекетте орын алған келiсiм,өзгеге үлгiболарлық бiрлiгiмiз — бiздiңбасты байлығымыз. Қазақстан Республикасын құрып оны одан әрi дамытуда бiздiң Елбасымыз осы принциптерге аса мән берiп, бiрегей институт Қазақстан Халқы Ассамблеясының бастамашысы — авторы болды. Бүгiнгi күнi Тәуелсiз Қазақстанмен қатар дамып келе жатқан бұл институт бiрлiктi нығайтып, келiсiм мен ынтымақтастықтың әлемдiк үлгiсiне анйалды»,-дедi Мәлiк Мырзалин.

Өз сөзiнде облыс әкiмi осыдан бiрнеше жыл бұрын Мемлекет Басшысының қатысуымен Көкшетауда «Қоғамдық келiсiм» сарайы ашылғанын да айтты. Сонымен қатар ол, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда Ассамблеяға аса үлкен мән берiлгенiн атап өттi.

Сессия барысында, Қазақстан Халқы Ақмола Ассамблеясы төрағасының орынбасары болып, «Видергебурт» облыстық немiс қоғамдастығының төрайымы Светлана Корнеева тағайындалып, жаңа құрам бекiтiлдi.

Осы күнi облыс әкiмi, ұлтаралық қарым-қатынас пен достықты нығайтуда және облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуына үлес қосқан ақмолалық азаматтарды медальдармен және «Құрмет» грамоталармен марапаттады. Олардың арасында, қоғам қайраткерi Зура Шуатаева, «Мерей» бiлiм және тәрбие кәсiпорнының директоры Гаухар Хамзина, Зерендi аудандық ауруханасының дәрiгерi Валерий Кан, армян тiлiнiң мұғалiмi Рузанна Дегоян және тағы басқалары бар.