Басты бетЖаңалықтарШығыс Қазақстан...

Шығыс Қазақстан Облысында тіл орталығы жұмысын бастады

Басты мақсат – Елбасының үш тұғырлы тіл саясатына қолдау білдіру. Қазірдің өзінде ағылшын тілін үйренемін деушілер 150-ге жетіпті.

Олардың ішінде 6 жастағы мектеп оқушысынан бастап 60-қа дейінгі қария да бар екен. Жергілікті кәсіпкер Раушан Қазыбекова нарықтағы сұранысты қанағаттандыру үшін «Нәтижелі жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша 9 миллион теңге несие алыпты. Бұл қаражатқа оқу құралдары, озық қондырғылар, шетелден жоғары білікті мамандар шақыртылған.

Раушан Қазыбекова, Тіл орталығының директоры: Орталығымызда ағылшын тілінен 7 мұғалім жұмыс істейді. Одан басқа тағы да ментальді арифметикадан бір мұғалім, шахматтан бір мұғалім, жалпылама тағы да көмекші азаматтар, бағдарламашы деген сияқты, ата-аналармен жұмыс істеу, мұғалімдерге керек материалдарды дайындау, толығымен балаларды қамтамасыз ету. Бізде ұжымда 15 адам жұмыс істейді. Тағы да 2 кабинет ашатын ойымыз бар.

Дереккөз24.kz