«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған бокс бәсекесінде 16 спортшының арасынан Мирас Ертанов топ жарды.
«Бұл жоба ауыл жастарының үлкен рингке шығып, биік белестерді бағындыруына жол ашады», – дейді мамандар.
Ол енді Лас-Вегастағы Фредди Роучтың бокс залына барып білікті мамандардан тәлім-тәрбие алады.
Мирас Ертанов, жоба жеңімпазы: Әрбір боксшының мақсаты – ұлттық құрамаға іліну. Ұлттық құрамадан біртіндеп үлкен жарыстарды көріп, Азия, әлем чемпионаттары, Олимпиада ойындарына бару. Осы күнге жеткізген өзімнің жаттықтырушыларыма алғысым шексіз.
Рустам Алпысбаев, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы: Ниеттеніп, шынығып жүрген ауылдың қарапайым азаматтарын, саламатты өмір салтын насихаттай алатын жастарды сол жаққа жіберіп отырмыз. Соның үздігі жаңа ғана анықталды. Қаратал ауданының тумасы. Бұл жоба ары қарай жалғасады деген ойдамыз.