Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда авиабилеттер...

Қазақстанда авиабилеттер неліктен қымбаттады?

«28 қарашадағы жаңалық. Мәскеу әуежайларында керосин (авиациялық жанармай) тоннасының бағасы 43 мың рубльге дейін өсіп кетті. Бұл АҚШ валютасына шаққанда тоннасы 737 доллар болмақ. Жалпы, Ресейде керосин бағасы өсіп, орташа әр тоннасының бағасы 782 долларға жетті. Ал қазіргі таңда Қазақстанда керосиннің тоннасы 900 долларға жетіп жығылды. Мұндағы бір әуежайда 15 қыркүйекте баға көтерілді, екінші бір әуежайда 28 қазанда көтерілді және қосылған сома 20 проценттен жоғары болды», — деді Джордан Карамалаков Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

«Жанармай бағасы көтерілді. Бізде де (Қазақстанда — ред.) баға сонша пайызға көтерілді. Яғни, айырма баға сақталды. Сол ғана», — деді ол.

Одан бөлек, биыл тамыз айында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы жарияланды. Оған сәйкес, әуежайлардың халықараллық рейстеріне мемлекеттік реттеу тоқтатылды. Бір сөзбен айтқанда, қазақстандық әуежайлар әуекомпаниялар көрсететін қызметке өз бағасын қоюға мүмкіндік алды.

Дереккөзkazinform.kz