Басты бетСуда жүзетін...

Суда жүзетін робот пайда болды

Құрастырушылар роботты су жануарларының қимыл-әрекетін қайталай алатындай етіп жасаған. Роботтың су астында қозғалуы үшін екі қанатына екі қозғалтқыш орнатылды. Сондықтан робот теңіз тұңғиығының картасын сызу немесе әскери тыңшылық сынды тапсырмаларды орындауда таптырмас құрал.

«Жылдам қозғалу үшін жүзу қанатының тиімді екенін табиғаттың жаратылысы көрсетіп тұр. Роботты жасар алдында теңіздегі ең жылдам жүзетін су жануарларын зерттеп, мантаны үлгі етіп алдық», дейді Сингапур ұлттық университетінің профессоры Чу Чи Менг.

Дереккөз24.kz