Басты бет Жаңалықтар Ғабит Мүсірепов театрында «Жусан иісі» драмасы қойылады

Ғабит Мүсірепов театрында «Жусан иісі» драмасы қойылады

Аталмыш қойылымның тұсаукесері 6 желтоқсанда сағат 17.00-де Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында болады.

©teatr-musrepov.kz

«Жусан иісі» – халықтың соғыстан кейінгі тұрмысы мен қазақ ауылының, замандастарының тыныс-тіршілігін шынайы сомдаған шығарма. Сюжетінде Аян атты жасөспірім баланың өмірінің белгілі бір кезеңінде болған оқиғалар суреттеледі. Әкесі соғыста, анасы жоқ, жалғыз әжесі қайтыс болып, соғыстан ағасын күткен Аянның ішкі болмысы, тайған тобығының азабынан да ауыр жан жарасы баяндалады.

Драма Сайын Мұратбековтің шығармасының желісі бойынша қойылмақ. Қойылымның режиссері — Жұлдызбек Жұманбай.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version