ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, тегін дәрі-дәрмектер дәрігердің рецептімен ғана таратылады.
«Амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету — бұл тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында диспансерлік есепте тұрған пациенттер үшін тегін дәрілермен қамтамасыз ету. Тегін дәрі-дәрмектер тек қана дәрігерлердің рецептімен таратылады. Бұл рецептердің барлығы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесінде тіркеледі. Қазіргі күнде 49 ауру бойынша 400-ден астам түрлі дәрілер 2,5 млн пациентке тегін беріледі», — деді ол.
Айта кетейік, тегін және жеңілдікпен берілетін дәрілермен қамтамасыз ету жүйесі елімізде 2005 жылы іске қосылған.