Кездесуге университетттің алты факультетінен 100-ден астам студенттер, соның ішінде Қазақстан Республикасының Президенті атындағы атаулы шәкіртақы иегерлері, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаттары, Мәңгілік Ел жастары – индустрияға «Серпін -2050» әлеуметтік жобасы білім грантының иегерлері, облыстық, республикалық олимпиданың жүлдегерлері, студенттік өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері, топ басшылары, студенттер үйінің кеңес мүшелері қатысты.
Университет ректоры өз сөзінде тәуелсіздік алған уақыттан бастап дамудың даңғыл жолына түскен егемен еліміздің қалыптасуының қиын кезеңі туралы әңгімелеп, қазіргі әлемнің заманауи талаптарына сай келетін, сын-қатерлеріне лайықты төтеп беретін сапалы білім алудың маңыздылығына назар аударды. Университет басшысы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні әрбір қазақстандық азамат үшін өзіндік әлеуметтік және экономикалық маңызды екендігін айтып өтті.
Бұл күннің шығу төркініне шолу жасар болсақ, 2011 жылдың 10 желтоқсаны күні ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының бастамасымен «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданған болатын. Заң 1 желтоқсанда аталып өтілетін — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін белгілеген еді. ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің бірлігін, конституциясын, адам мен адамзаттың құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы екендігі дау тудырмайды, — деді Асхат Сәлімұлы.
Ашық-жарқын әңгіме барысында жастар да өз ойларын әдемі де әсерлі жеткізді. Кездесу Асхат Сәлімұлы алдағы уақытта атқарылар бірқатар шаруалармен, мәдени іс-шаралар жоспарымен студенттер қауымын таныстырды.